Жаңа Конституцияға байланысты өткізілетін референдум – ел болашағына әсер ететін маңызды саяси оқиға. Референдум арқылы халық өз таңдауын жасап, мемлекеттің даму бағытын айқындауға мүмкіндік алады. Бұл – азаматтардың ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді қатысуының көрінісі.Конституция – мемлекеттің негізгі заңы болғандықтан, оның заман талабына сай жаңартылып отыруы маңызды.
Референдум – халық пікірін ескерудің тиімді жолы. Әр азамат өз дауысын беру арқылы ел болашағына үлес қосады. Сондықтан жаңа Конституцияға байланысты референдумға қатысу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп санаймын.
Мөлдір Ондағанова
ұстаз



