Жаңа Конституцияға байланысты өтетін референдумның маңыздылығы өте жоғары. Референдум – халықтың өз елінің болашағына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық құрал. Бұл арқылы азаматтар мемлекет дамуының бағытын айқындайтын негізгі заңды қабылдауға өз пікірін білдіреді.
Жаңа Конституция қоғамдағы өзгерістерді ескеріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар, референдум халық пен билік арасындағы сенімді арттырып, елдегі саяси тұрақтылықты күшейтеді.
Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі. Өйткені Конституция – мемлекеттің басты заңы, ал оны қабылдауға халықтың қатысуы демократияның маңызды белгісі болып табылады. Сондықтан жаңа Конституция бойынша референдум елдің болашағын айқындайтын маңызды тарихи қадам деп есептеймін.
Г.Ескалиева
Тарих пәнінің мұғалімі

