Әрбіріміз үлес қоссақ, жеңеміз

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді.

 Еліміздің заңнамасында сыбайлас жемқорлық мәселесі ҚР Конституциясымен, ҚР Қылмыстық кодексімен және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңымен реттеледі.

Біздің заңнамада сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама берілген: сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өз лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік игілік пен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сондықтан мемлекет тарапынан көптеген жұмыс жүргізілуде, атап айтсақ бұл қылмыс үшін жаза күшейтілген. Соған қарамастан қылмыс толастамай отыр.

Мемлекет пен қоғамның тығыз серіктестігі ғана сыбайлас жемқорлыққа табанды қарсы тұруға мүмкіндік береді. Ол үшін халықтың құқықтық мәдениетін арттырып, құқықтық нигилизммен күресу керек.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық қазақстандықтың азаматтық борышы деп білемін.

Айта кетейік, аудандық сотта 2026 жылы қаңтар-ақпан айларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер қаралмаған.

 

Г.Кабиева,                                                        

аудандық сот әкімшісінің бас маманы-сот отырысының хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026