Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – тек мерекелік күндермен шектелмеуі тиіс. Ол әр азаматтың күнделікті өмірінен , іс-әрекетінен және ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарасынан көрініс табуы қажет. Әсіресе балалар мен жастардың бойына мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыруда ата-аналардың, ұстаздардың, ардагерлер мен аға буын өкілдерінің рөлі ерекше.
Осы орайда ауданымыздағы кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындарды мемлекеттік мерекелер кезінде өз нысандары мен тұрғын үйлерін мерекелік безендіруге, мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттауға шақырамын. Былтырғы игі бастамалар биыл да жалғасын тауып, ауданымызда патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін. Мұндай істер өскелең ұрпаққа өнеге болып, елдік құндылықтардың қоғамдағы орнын одан әрі арттыра түседі
Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз елдігіміздің айғағы болып , Әнұранымыздың асқақ үні әрдайым шарықтай берсін!
ДЮСУБАЛИЕВА АНАРГҮЛ БАҚТЫҒАЛИҚЫЗЫ,
АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

