«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды
.
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» акциясы аясында Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Тренинг барысында қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ақпарат берілді.



