Қазақстанның ТМД аясындағы бастамалары елдер арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Қазіргі заманда мемлекеттердің өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынасы өте маңызды. Президенттің Достастықты 2035 жылға дейін дамыту стратегиясын әзірлеу туралы ұсынысы – болашаққа бағдарланған қадам. Экономикалық байланыстарды кеңейту, технологиялық дамуға басымдық беру және ортақ мәселелерді бірлесе шешу арқылы мемлекеттер өз әлеуетін арттыра алады. Ең бастысы, ынтымақтастық өзара құрметке, теңдікке және әр елдің ұлттық мүддесін сақтауға негізделуі тиіс. Қазақстанның осы бағыттағы ұстанымы елдер арасындағы серіктестікті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Нариман Жұбандықов
мұғалім



