Ортақ болашаққа жауапты қадам

Референдум бұл тек дауыс беру ғана емес,бұл - азаматтық жауапкершілік пен ел тағдырына бей-жай қарамау.Болашақ үшін біздің дауысымыз маңызды.

Конституциялық реформа Президент Қ.Тоқаеатың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады.Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте өзінің халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң серпін беру мақсатында айтқан болатын.Ата Заңымызға елеулі өзгеріс енуі-үлкен жаңалық деп ойлаймын.

Президенттің ұсынысымен енгізіліп жатқан осы өзгерістерді қолдаймын.Жаңа Конституция еліміздің ары қарай дамуына,Әділетті Қазақстанды құруға көмегін тигізеді деп сенемін.

Референдум-тікелей демократияның маңызды құралы. әрбір азаматқа елдің болашағын анықтауға қатысу мүмкіндігін береді.

Жаңа Конституция жобасы әділеттілікті,билік балансын және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.Сондықтан,бұл референдумда әрбір азаматтың дауысы маңызды.

 

 ЕГИЗБАЕВА ГУЛЬФАРА

заңгер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026