Онлайн саудада сақтық қажет

Қазіргі таңда интернет арқылы сауда жасау күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды.

Алайда онлайн сауданың қолайлылығын пайдаланатын алаяқтар да аз емес. Олар жалған хабарландыру жариялап, тауардың суреті мен бағасын көрсетіп, алдын ала төлем жасауды сұрайды. Ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды. Сондықтан сатып алмас бұрын сатушының сенімділігін тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз адамдарға ақша аудармау қажет. Интернеттегі әрбір ұсынысқа сене бермей, қаржылық қауіпсіздігімізді өзімізден бастайық.

Жадыра Нариманова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT