Интернет дүкендерден тауар сатып алғанда сақтық таныту өте маңызды.
Алаяқтар арзан баға ұсынып, алдын ала төлем жасауды талап етіп, кейін байланысқа шықпай қалуы мүмкін. Сондықтан сатушының сенімділігін, дүкен туралы пікірлерді тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу керек. Жеке және банк картасының деректерін бейтаныс адамдарға бермей, кез келген төлемді мұқият тексерген жөн.
Ж.Нариманова


