Онлайн сауда жасағанда ойлану керек

Қазіргі таңда интернет адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда онлайн кеңістіктің мүмкіндіктерін алаяқтар да өз пайдасына пайдаланып келеді. Олар тұрғындарды алдап, банк картасының деректерін, жеке мәліметтерін немесе ақша аударымдарын иемденуге тырысады.

Алаяқтар көбіне өзін банк қызметкері, полиция немесе басқа да мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырады. «Шотыңызға қауіп төніп тұр», «ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» деген сияқты сөздермен адамды асықтырып, шешім қабылдатуға тырысады.

Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен түрлі сайттарда арзан тауар ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайтын жағдайлар кездеседі. Тауарға қызыққан азамат ақшаны аударғаннан кейін сатушы байланысқа шықпай қалуы мүмкін.

Сондықтан интернет арқылы сауда жасағанда сатушы туралы ақпаратты тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажет. Банк картасының нөмірі, құпия коды, SMS арқылы келген растау кодтары сияқты мәліметтерді бөгде адамдарға айтуға болмайды.

Алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы – асықпай, ақпаратты тексеріп барып шешім қабылдау.

 

Гүлбану Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT