Онлайн алаяқтық - заманның қауіпті мәселесі

Қазіргі таңда интернеттің дамуына байланысты онлайн алаяқтық түрлері де көбейіп келеді. Алаяқтар түрлі жалған сілтемелер, хабарламалар немесе қоңыраулар арқылы азаматтардың жеке мәліметтері мен ақшасын заңсыз иемденуге тырысады. Әсіресе, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтыққа сақ болған жөн.

 

Менің ойымша, онлайн алаяқтықтың құрбаны болмау үшін әр адам цифрлық сауаттылығын арттырып, күмәнді хабарламаларға сенбеуі қажет. Бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеу, банк картасының мәліметтерін жарияламау – қауіпсіздіктің басты қағидаларының бірі. Сақтық – қауіптің алдын алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT