Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, өндіріс орындарының жаңғыруына және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ерекше мән беріліп отырғанын көрсетеді. Әсіресе, Теміртау қаласындағы өндіріс пен қоғамдық көлік саласындағы өзгерістерге назар аударуы маңызды. Себебі әрбір өңірдің дамуы – тұтас еліміздің өркендеуінің негізі. Мұндай жұмыс сапарлары жергілікті жердегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешуге бағытталған нақты міндеттердің жүзеге асуына ықпал етеді. Ең бастысы, қолға алынған бастамалар халықтың игілігіне қызмет етіп, оң нәтижесін беруі тиіс.
Нәсіпқали Қонасов
”Құрмет” орденінің иегері



