Ойыннан ұтқан емес, өмірден ұтылғандар көбеймесін

Лудомания – құмар ойынға шамадан тыс әуестеніп, оны тоқтата алмау. Басында ойын қызық пен ермек болып көрінгенімен, уақыт өте келе адамның қаржылық жағдайына, отбасылық қарым-қатынасына және өмір салтына кері әсер етуі мүмкін.

«Бір рет ұтылып қалдым, қайта ойнап ақшамды қайтарып аламын» деген ой адамды одан әрі ойынға тәуелді етіп, қарызға батуға алып келуі ықтимал. Ең қауіптісі – жеңілісті жеңіспен қайтаруға ұмтылу.

Құмар ойын – оңай табыс көзі емес. Ол адамның уақытын, қаржысын ғана емес, жақындарымен қарым-қатынасын да жоғалтуға себеп болуы мүмкін.

Сондықтан өзіңізді де, жақындарыңызды да лудоманияның зардабынан қорғаңыз. Ақша тігіп өмірді ұтудың қажеті жоқ. Нағыз жеңіс – тәуелділікке жол бермеу.

А.Жалғасбаева

психолог

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT