Ойынға-ойсыз құмар

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқуға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызып, дабыл қаққан-ды. Ол ресми түрде психикалық ауытқу ретінде танылған, алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар. 

Десе де спорттық бәсекеге бәс тігіп, рулетка, карта ойнап, лотерея билетін сатып алатын әрбір адам лудоман болып саналмайды. Бірақ кез келген сәтте тоқтауды ұмытып, соңы дертке ұласуы мүмкін. Соған қарамастан, тәуліктеп букмекерлік кеңселерді торуылдаған жастарға тосқауыл боларлық күштің жоқтығы қынжылтады. Тіпті технологияның дамуымен казиноға бару немесе ойын автоматтарын іздеуге деген сұраныс жоқ. Өйткені қазір телефон арқылы да лудомания атты тұзақтан шыға алмай жүр.

Желіден керегіңді іздеп, тіпті, кино көрейін десең де, "Интернет арқылы бәс", "Интернет казино" деген жарнама алдыңнан атып шығады. Көрмейін десең, фильмің қосылмайды. Телефон немесе интернетке кіретін трафик болмаса да, түнімен істейтін букмекерлік орталықтар бар. Бұл бәлекеттен алыс адамдарға лудомания болмашы дүние болып көрінуі мүмкін. Десе де ойындарға құмарлықтан шаңырақ та шайқалып жатыр. Саны күннен күнге көбеймесе, азаяр емес.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT