Соңғы уақытта алаяқтар заңсыз ақша аударымдарын жасыру үшін бөтен адамдардың банк шоттары мен карталарын пайдалануға тырысады. Осындай мақсатта өз шотын беретін адамдар дроппер деп аталады.
«Ақшаңды оңай тап», «картаңа қаржы түседі, тек басқа шотқа аударып жібер» деген ұсыныстардың артында алаяқтық әрекет тұруы мүмкін. Өз шотыңызды бөгде адамның пайдалануына беру сізді де заңсыз қаржы айналымына қатыстыруы ықтимал.
Сондықтан банк картасын, шот деректерін, SMS-кодтарды және интернет-банкингке кіру мәліметтерін ешкімге бермеңіз.
Оңай табысқа қызықпаңыз – шотыңызды сақтаңыз, алаяқтыққа араласпаңыз!
Гүлбану Насиполла



