Коалиция мүшелері Динара Мусина мен Ақжібек Сабырғалиева Индер ауданындағы «НС Индер-АКО» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының басым бағыттары таныстырылып, енгізілуі көзделген өзгерістердің мазмұны мен олардың ел дамуына ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара ашық пікір алмасу форматында ұйымдастырылып, жаңартылған Негізгі заңның қоғамдағы орны, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтудағы рөлі және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы маңызы жан-жақты сөз болды.



