Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Өнері өшпес, жыры мәңгі" атты поэтикалық марафон өтті. Аталған шараның негізгі мақсаты – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, ақынның қазақ әдебиетіндегі орны туралы мағлұмат беріліп, кішкентай оқырмандарымыз ақынның өлең-жырларын оқыды. Кітапхана қорындағы Жамбыл Жабаевқа арналған кітаптар мен мерзімді басылымдардан арнайы көрме ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.



