Аудан аумағында өтіп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жаңа оқу жылының басталуына байланысты кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, білім беру ұйымдарының кіреберістері мен дәліздеріне «Байқаңыз, бейнебақылау жүргізілуде» мазмұнындағы ескертпелер орналастырылуда.
Сонымен қатар, оқушыларға қауіп-қатер туындаған жағдайда полиция органдарына жедел хабарласуға мүмкіндік беретін «102» мобильді қосымшасын орнату және пайдалану тәртібі түсіндірілуде.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
Қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.


