«Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы

Индер ауданы аумағында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, Индер ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері көп бейінді колледж студенттерімен кездесу өткізіп, бірқатар маңызды мәселелер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында студенттерді заң талаптарын сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы мен таралуының алдын алу, оның ішінде есірткі қылмыстарының құқықтық салдары туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жастарға 16 жасқа толған кезде жеке куәлікті уақытылы рәсімдеудің қажеттілігі түсіндіріліп, жеке басты куәландыратын құжаттың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT