«НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Индер ауданы аумағында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз, балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, білім беру ұйымдарында оқушылармен кездесу өткізілді.

 

Кездесу барысында оқушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, сондай-ақ интернеттегі алаяқтықтан сақтану бағыттары бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

 

Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және жасөспірімнің 16 жасқа толған кезде жеке куәлікті уақытылы рәсімдеудің қажеттілігі түсіндіріліп, жеке басты куәландыратын құжаттың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT