Индер ауданы аумағында орналасқан «Жасөркен» жазғы демалыс лагерінде балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында түсіндірме-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Іс-шара барысында есірткі заттарының зияны, олардың адам денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері туралы ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушыларға тақырыптық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.



