Нашақорлыққа қарсы – бірлесіп күресейік!

Нашақорлық – адам денсаулығына, отбасының тыныштығына және қоғамның болашағына қауіп төндіретін күрделі мәселе. Оның алдын алу үшін жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды. Әрбір жас өз болашағына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болуы керек.


Есірткісіз қоғам қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Жастарды қолдап, дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы жарқын болашаққа жол ашамыз. Бірлігімізді нығайтып, нашақорлыққа қарсы бірге күресейік!

Гүлбану Насиполла

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT