Нашақорлық – ұлт болашағына төнген қауіп

Нашақорлық пен есірткі қылмыстары – қоғамның қауіпсіздігіне, азаматтардың денсаулығына және елдің болашағына зор қауіп төндіретін өзекті мәселелердің бірі. Есірткі заттарын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстары жастардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, басқа да құқық бұзушылықтардың көбеюіне әсер етеді.


Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын бұзып, оның әлеуметтік жағдайына, отбасы мен қоғамдағы орнына кері ықпал етеді. Сондықтан нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және заң талаптарын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажет.
Әрбір азамат есірткінің зиянын түсініп, заңсыз айналымға қарсы күреске өз үлесін қосуы маңызды. Себебі есірткісіз қоғам – қауіпсіз әрі жарқын болашақтың кепілі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT