Нашақорлық – жеке адамның денсаулығына ғана емес, отбасы мен қоғамның қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіретін күрделі мәселе. Сондықтан есірткіге қарсы күрес – әрбір азаматтың саналы таңдауы мен ортақ жауапкершілігін талап етеді.
Жастардың салауатты өмір салтын ұстануы, спортпен айналысуы, білім мен еңбекке ұмтылуы – зиянды әдеттердің алдын алудың тиімді жолы. Сонымен қатар қоғамда нашақорлықтың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор. Денсаулығы мықты, санасы сергек ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан нашақорлыққа қарсы күреске әркім өз үлесін қосып, салауатты өмір салтын насихаттауы қажет.



