Нашақорлық – болашаққа төнген қауіп

Нашақорлық – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Есірткіге тәуелділік адамның денсаулығын әлсіретіп қана қоймай, оның өмірге деген қызығушылығын жоғалтып, отбасының берекесін кетіреді, қылмыс пен құқық бұзушылықтың көбеюіне себеп болады.

Қазіргі таңда жастардың санасын улайтын түрлі синтетикалық есірткілердің таралуы алаңдатарлық жағдайға айналып отыр. Жеңіл қызығушылықпен басталған әрекет көп жағдайда орны толмас өкінішке ұласады. Сондықтан жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдануға, білім мен өнерге қызығушылығын арттыру – нашақорлықтың алдын алудың маңызды жолдарының бірі.

Есірткімен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес. Бұл – ата-ана, мектеп, қоғам және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Баламен ашық сөйлесу, оның ортасына мән беру, дұрыс бағыт-бағдар көрсету – зиянды әдеттердің алдын алуда үлкен рөл атқарады.

Әр адам өз денсаулығы мен болашағына жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Салауатты өмір салтын таңдау – жарқын болашақтың кепілі. Есірткіге «жоқ» деп айту – өмірге, денсаулыққа және бақытты болашаққа «иә» деп айту деген сөз.

Еліміздің ертеңі – саналы, білімді әрі дені сау жастардың қолында. Сондықтан нашақорлыққа қарсы күресті күшейтіп, қоғамда есірткіге мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

А.Жалгасбаева

психолог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT