Жолдауында мұғалім мәртебесін көтеруге ерекше назар аударылуы – білім беру саласы үшін өте маңызды әрі уақытылы шешім. Мұғалім – ұлт болашағын қалыптастыратын негізгі тұлға. Сондықтан оның еңбегі қоғамда лайықты бағаланып, әлеуметтік және кәсіби тұрғыда толық қолдауға ие болуы қажет.
Соңғы жылдары педагогтардың жалақысының кезең-кезеңімен өсуі, артық есептіліктің қысқаруы және біліктілікті арттыру мүмкіндіктерінің кеңеюі – ұстаз еңбегіне деген мемлекеттік көзқарастың оң өзгергенін көрсетеді. Бұл шаралар мұғалімнің негізгі міндеті – сапалы білім мен тәрбие беруге толық көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.
Мұғалім мәртебесін арттыру – тек материалдық қолдаумен шектелмейді. Қоғамда ұстазға деген құрмет пен сенімді күшейту, оның пікірін ескеру және кәсіби еркіндігін қамтамасыз ету – білім сапасын арттырудың басты шарттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар еліміздің интеллектуалдық әлеуетін нығайтып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады.
мұғалім пікірі



