Мемлекет дамуының жаңа белесі

Мемлекет басшысының бүгінгі сөйлеген сөзі, сондай-ақ жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты іс-шара – еліміздің дамуы мен болашағына бағытталған маңызды тарихи кезеңдердің бірі. Бұл маңызды жиын мемлекетіміздің құқықтық негізін нығайтып қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті айқындай түседі.


Президент өз сөзінде жастардың ел болашағындағы айрықша рөлін атап өтті. Расында да, білімді, саналы, белсенді жастар – ел дамуының басты қозғаушы күші. Сондықтан олардың сапалы білім алып, өз қабілеттерін толық жүзеге асыруына жағдай жасау – мемлекет үшін стратегиялық міндет.
Жаңа Конституцияның қабылдануы – елдің жаңару жолындағы маңызды қадам. Бұл құжат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады. Осындай игі бастамалар арқылы Қазақстанның болашағы жарқын боларына сенім мол.

Бақыт Қаракешова

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT