1 қыркүйек – Білім күніне орай, Индер ауданының білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Индер ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Н. И.Ахметов қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Кездесу барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мектеп ғимараттарының ішіне «Байқаңыз! Бейнебақылау» тақырыбындағы ақпараттық ескертпе плакаттары орналастырылды.
Аталған ақпараттық материалдар оқушыларға мектеп аумағында бейнебақылау жүйесі жұмыс істейтінін ескертіп, тәртіп сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларына полиция қызметкерлерінің қатысуымен түрлі тақырыптағы танымдық раскраскалар ұсынылып, балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.



