Мектептегі буллинг: себептері мен салдары

Буллинг – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездеседі. Біреуді мазақ ету, қорлау, әдейі шеттету немесе күш көрсету – буллингтің көрінісі. Мұндай әрекеттер баланың психологиялық жағдайына ауыр соққы болып тиеді, өзіне деген сенімін төмендетеді.

Менің ойымша, буллингке жол бермеу – баршамыздың міндетіміз. Әр оқушы мейірімді, сыйластыққа толы ортада білім алуы тиіс. Мектепте түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп, оқушылар бір-біріне құрметпен қарауды үйренуі керек. Егер біреу буллингке ұшыраса, үндемей қалмай, ата-анаға немесе мұғалімге айтуы маңызды.

Қорытындылай келе, буллингпен күрес – тек мектептің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бір-бірімізге жанашыр болып, қолдау көрсете білсек, бұл мәселені азайта аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT