«Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында мектептердегі буллингтің алдын алу мақсатында шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы буллингтін алдын алу, сондай-ақ мұндай жағдайлар туралы мектеп басшылығына және ата-аналарға дер кезінде хабарлаудың маңыздылыгын түсіндіру.
Буллинг — бір адамды немесе топты басқа бір адамға әдейі, қайталанып қорлау, мазақ ету, қорқыту әрекеті.
Қысқаша мәлімет:
Түрлері:
Физикалық — ұру, итеру
Сөздік — мазақтау, кемсіту
Психологиялық — қорқыту, шеттету
Кибербуллинг — интернет арқылы қорлау
Қай жерде кездеседі: көбіне мектепте, сыныпта, әлеуметтік желілерде
Зияны: адамның өзіне деген сенімі төмендейді, күйзеліске ұшыратады
Не істеу керек: ересектерге (мұғалім, ата-ана) айту, қолдау көрсету, жалғыз қалдырмау
Буллингке жол бермеу — бәріміздің ортақ міндетіміз.
Индер аудандық полиция бөлімі



