МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызмет – бұл билік пен халықты байланыстыратын басты көпір. Әрбір мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті, шешімі мен мінез құлқы бүкіл билік жүйесінің беделін айқындайды. Осы орайда, мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және қызметкерлердің адалдық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдығы.

Мемлекеттік бюджеттің әрбір теңгесінің мақсатты жұмсалуын қадағалау, қаржылық операциялардың заңдылығын қамтамасыз ету – қазынашылық органдарының иығына жүктелген үлкен жауапкершілік. Қазынашылық жүйесі – ел экономикасының басты күретамыры. Сондықтан осы салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, төлемдер мен сатып алу процедураларының мөлдірлігін қамтамасыз ету мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін нығайтудың төте жолы болып табылады.

Қазынашылық саласында жемқорлық тәуекелдерін азайтудың ең тиімді жолы – адам факторын барынша шектеу. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Тоқталып өтсем,

-         «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесі. Барлық мемлекеттік мекемелермен байланыс толықтай электронды форматқа көшірілді. Бұл құжаттарды қолма-қол қабылдау кезінде туындайтын парақорлық тәуекелдерін толық жояды.

-         Біріңғай қазынашылық шоты (БҚШ). Бюджет қаражатының кірістері мен шығындарын, шоттардағы қалдықтарды нақты уақыт режимінде (онлайн) бақылау мемлекет қаржысының жасырын жылыстауына жол бермейді.

-         Алдын ала және ағымдағы бақылау. Қаржылық құжаттарды ағымдағы тексеру барысында бюджет қаражатын заңсыз жұмсауға мүмкіндік бермейді.

-         Қазынашылық сүйемелдеу жүйесі. Мемлекеттік тапсырыстар мен ірі инвестициялық жобаларға бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалуына және көлеңкелі айналымға кетіп қалуына жол бермейтін сенімді қалқан болып табылады. 

Қазынашылық органдарында қызмет ететін әрбір маман жоғары кәсіби этика стандарттарына сай болуы тиіс. Қазынашылық қызметкері үшін парасаттылық пен заң үстемдігі бірінші орында тұрады. Мемлекет қаржысын бөлу және игеру кезеңіндегі «нөлдік төзімділік» қағидасы қазынашылықтың әрбір басқармасында басты бағдар болып отыр. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен, бас мердігер, қосалқы мердігер және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жұмыс істеу барысында мүдделер қақтығысына жол бермеу – басты талап. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдаулар тұрақты жүргізіліп, әрбір лауазымды тұлғаның дербес жауапкершілігі қатаң қадағаланады.

Қорыта айтқанда, қазынашылық саласындағы ашықтық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең өткір қаруы. Бюджет қаржысының әрбір тиыны халық игілігіне, ел дамуына жұмсалуы үшін қазынашылық жүйесінің тазалығы мен мөлдірлігін сақтау – ортақ міндетіміз.

 

Индер аудандық Мемлекеттік қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары А.А.Абдрахманова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT