Индер ауданы аумағында қоғамдық тәртіппен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде алкогольдік ішімдік ішкен екі жүргізуші анықталды.
Индербор кенті, Махамбет көшесі бойында маркасы "Шевролет" автокөлігі тоқтатылып тексеру кезінде жургізушісі алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Сонымен қатар Индер-Атырау тас жолы 6 шақырым тұсында маркасы "Евико" жүк автокөлігі тоқтатылып тексеру кезінде жүргізушісі алкогольдік масан күйде басқарып келе жатырғаны анықталды.
Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 608-баптарымен әкімшілік хаттамалары жасақталып, аудандық сотқа жолданды.
Сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Құрметті жүргізушілер: жол ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.



