Мас жүргізуші - қылмысқер

Мас күйінде көлік басқару – заң бұзушылық қана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп. Рөлге ішімдік ішіп отырған жүргізуші өзінің ғана емес, жолдағы жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің және басқа көлік жүргізушілерінің өмірін қатерге тігеді. Бір сәттік жауапсыздық орны толмас қайғыға, адам өліміне немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.

Сондықтан мас жүргізушіні жай ғана тәртіп бұзушы емес, қоғамға қауіп төндіретін қылмыскер деп бағалауға толық негіз бар. Әрбір жүргізуші «Іштім бе – рөлге отырмаймын!» деген қағиданы берік ұстануы керек. Жол қауіпсіздігі – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

 

Ж.Изимова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT