Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік. Соның ішінде көлік құралын мас күйінде басқару – жүргізушінің өзіне ғана емес, жолдағы басқа адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне де үлкен қатер төндіретін жауапсыз әрекет.
Алкоголь адамның зейінін төмендетіп, реакциясын баяулатады және жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілетіне әсер етеді. Мұндай жағдайда көлік басқару күтпеген жағдайларға әкелуі мүмкін.
Сондықтан әр жүргізуші жолға шығар алдында өз жауапкершілігін сезінуі қажет. Егер алкоголь ішкен болса, көлік жүргізуге болмайды. Такси шақыру, жақын адамнан көмек сұрау немесе басқа қауіпсіз жолды таңдау – дұрыс шешім.
Жолдағы тәртіпті сақтау – заң талабы ғана емес, адам өміріне деген құрмет. Мас күйінде көлік жүргізуге жол бермей, жол қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік.
Гүлбану Насиполла



