Алкоголь ішіп алып көлік жүргізу – өз өміріңе ғана емес, жолдағы басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіретін жауапсыз әрекет. Мас күйдегі жүргізуші жол жағдайын дұрыс бағалай алмайды, реакциясы баяулап, қауіпті сәтте дер кезінде шешім қабылдауы қиындайды.
Көлік жүргізу – үлкен жауапкершілік. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан ішімдік ішкен адам рөлге отырмай, басқа көлік немесе такси қызметін пайдаланғаны жөн.
Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Ішімдік пен рөлді қатар ұстауға болмайды. Өйткені мас күйде көлік жүргізу – өзіңнің де, өзгенің де өмірін қатерге тігу.
Ж.Қайратқызы


