«МАЛ ҰРЫСЫ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Индер аудан аймағында мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және бұрын жасалған қылмыстарды ашу мақсатында 1–10 қыркүйек аралығында Индер ауданы көлемінде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Негізгі бағыттар мен міндеттер:
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен ет өнімдерін тасымалдайтын автокөліктерді тексеру;
Ет өнімдері сатылатын базарлар мен сойыс пункттерін аралап, құжаттарын зерделеу;
Малды қараусыз қалдыру салдарынан болатын ұрлықтардың алдын алу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Құрметті аудан тұрғындары мен мал иелері‼️‼️
Төрт түлігіңізді бақташысыз қараусыз өріске жібермеңіз;
Малға сыртқы ен (сырға, таңба) салуды ұмытпаңыз;
Күмәнді тұлғалар мен оқиғалар байқалған жағдайда дереу 102 оперативті арнасына хабарласыңыз.
Заң талаптарын сақтап, мүлкіңізге ұқыпты болыңыздар!
 
Индер аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT