ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Индер ауданының тұрғындары!
Атырау облысы Индер ауданы аумағында 1 қыркүйек пен 10 қыркүйек аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын-алу, жолын кесу және мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу, сондай-ақ мал иелерінің қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету.
Осыған байланысты аудан тұрғындарынан:
🔹 малды қараусыз қалдырмауды;
🔹 мал қоралары мен жайылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
🔹 малды таңбалау, сырғалау және құжаттарын ретке келтіруді;
🔹 мал тасымалдау кезінде тиісті құжаттарды өзімен бірге алып жүруді;
🔹 күдікті тұлғаларға немесе көлік құралдарына назар аударып, дер кезінде полицияға хабарлауды сұраймыз.
Мал ұрлығының алдын алу – баршамызға ортақ міндет!
Күдікті жағдайға тап болған жағдайда немесе мал ұрлығы туралы ақпарат білсеңіз, «102» нөміріне хабарласыңыз.
Индер ауданының полиция бөлімі!!!
#заңментәртіп🚨 #ИндерАуданыПолицияБөлімі #біздіңполиция #ПолицияАтырау #индербор



