Маңғыстау - әлемдік мұра

Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО тізіміне енуі - үлкен тарихи оқиға.

Бұл біздің ұлттық құндылығымыздың әлемдік деңгейде мойындалғанын көрсетеді. Енді Маңғыстауға туризм күшейіп, жергілікті халықтың жағдайы жақсарады.

Бұрын Маңғыстауды көп адам "шөл, тас" деп қана білетін. Ал шын мәнінде бұл жер - ашық аспан астындағы мұражай. Бекет атаның үңгірі, Шопан атаның жерасты мешіті, Шерқаланың сұлулығы, Қызылқаланың сыры... Әр тас, әр үңгірде бабаларымыздың даналығы мен тарихы жатыр.

Ең бастысы - киелі жерлерді сол күйінде сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етуіміз керек.

Бұл жаңалық әр қазақтың мақтанышы!

 

Мұрат Қансұлтанов,

аудандық ардагерлер алқасының мүшесі

 

 

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT