Лудоманияны жай ғана құмар ойынға әуестік деп қабылдауға болмайды.
Ол адамның қаржылық жағдайына ғана емес, отбасына, жұмысына және психологиялық ахуалына кері әсер ететін күрделі мәселе. «Бір рет ұтып аламын» деген ой адамның қарызға батып, жақындарынан алыстауына әкелуі мүмкін. Сондықтан құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу – әр адамның өзіне де, қоғамға да ортақ жауапкершілік. Уақытты пайдалы іске арнап, спортпен, шығармашылықпен айналысу және жақындармен ашық сөйлесу – лудоманиядан сақтанудың маңызды жолдары.
Г.Насиполла


