Лудомания – бұл жай ғана ойынға қызығушылық емес, адамның психологиялық және әлеуметтік жағдайына кері әсер ететін тәуелділік. Құмар ойынға шамадан тыс әуестік адамды қаржылық қиындыққа, отбасылық келіспеушілікке, тіпті денсаулықтың нашарлауына әкелуі мүмкін. Ең қауіптісі – адам жеңіске деген жалған үмітпен уақытын да, ақшасын да жоғалтады.
Сондықтан лудоманияның алдын алу үшін ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, жастарды спортқа, білімге және пайдалы істерге бағыттау маңызды. Қоғам болып бұл мәселеге бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарасақ қана салауатты орта қалыптастыра аламыз.
Ж.Оташева
жас маман



