Ұлттық құрылтайда көтерілген рухани жаңғыру мәселесі

Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент реформалардың сәтті жүзеге асуы қоғам санасының жаңаруымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Рухани құндылықтарсыз тек экономикалық өсім жеткіліксіз. Мәдениет пен білім – жеке адам мен қоғам санасын қалыптастыратын басты факторлар болып саналады. Сондықтан руханиятқа бағытталған саясат ұзақ мерзімді және тұрақты нәтиже береді. Ұлттық бірегейлік күшейген сайын қоғамдық тұрақтылық та артады. Бұл – ел дамуының берік негізі әрі маңызды шарты. Мемлекет басшысы мұны реформалардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы ретінде қарастырды. Ал рухани дамуды қолдау – болашаққа жасалған инвестиция ретінде бағаланады.



Тимур Умаров

«Jas Niet» қоғамдық қоры төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT