Ұлттық Құрылтай отырыстарында қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты шарты ретінде заң мен тәртіп қағидасына ерекше назар аударылды. Мемлекет дамуының берік негізі – заңның үстемдігі және әр азаматтың оған құрметпен қарауы. Заң мен тәртіп сақталған қоғамда әділеттілік орнап, халықтың билікке деген сенімі артады. Ұлттық Құрылтайда көтерілген бұл ұстаным «Адал азамат» қалыптастыру идеясымен үндесіп, қоғамдық жауапкершілікті күшейтуді көздейді. Сондықтан заңды сақтау мен тәртіпті ұстану – тұрақты және өркениетті қоғам құрудың негізгі кепілі болып табылады.
А.Каукенова
жеке кәсіпкер



