Әлеуметтік қолдау және халықтың өмір сапасы

Президент Жолдауында әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және халықтың өмір сапасын арттыру мәселесіне басымдық берілуі – қоғам сұранысына сай маңызды бағыт. Әлеуметтік саясаттың тиімділігі әрбір азаматтың күнделікті тұрмысынан, қолжетімді қызметтер мен тұрақты табыстан көрінуі тиіс.


Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың әділ әрі нақты мұқтаж жандарға бағытталуы халықтың билікке деген сенімін нығайтады. Білім, медицина, тұрғын үй және жұмыспен қамту салаларындағы жүйелі шаралар өмір сапасын арттырудың негізгі тетігі болып табылады.
Әлеуметтік тұрақтылық бар жерде қоғамдық келісім мен ел дамуы да қамтамасыз етіледі. Сондықтан халықтың әл-ауқатын көтеру – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.

М.Умирзахова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT