Көзге көрінбейтін еңбектің қадірі

Күн сайын көшелеріміздің таза болуына үлес қосып жүрген жұмысшылардың еңбегі ерекше құрметке лайық.

Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, елді мекеннің тазалығы мен көркі үшін аянбай еңбек етеді. Осындай еңбек адамдарына құрмет көрсету – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Тазалық сақшыларының еңбегін бағалап, олардың жұмысын жеңілдету үшін ортақ тәртіпті сақтауымыз керек.

Алаш Кенжагалиев

кент тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT