Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысы ел дамуының маңызды бағыттарын кеңінен талқылаған мазмұнды алаң болды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиында саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани жаңғыру мәселелері кешенді түрде қарастырылып, қоғамды толғандыратын өзекті сұрақтарға нақты көзқарас білдірілді.
Құрылтайдың аймақтық жерде өтуі – өңірлердің рөлін күшейтуге, орталық пен аймақ арасындағы ашық диалогты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам. Бұл жергілікті проблемаларды елдік деңгейде көтеріп, шешу жолдарын бірлесе айқындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтық қоғам өкілдерінің, зиялы қауым мен сарапшылардың пікірлері ескерілуі – қабылданатын шешімдердің өміршеңдігін арттырады.
Жалпы алғанда, V Ұлттық құрылтай елдегі реформалардың сабақтастығын сақтауға, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етеді. Мұндай алаңдар халық пен билік арасындағы сенімді күшейтіп, Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.
Бисенгалиев Нұржан Қайыржанұлы
"Көктоғай-Мәдениет" МКҚК директоры



