Қуатты Қазақстан - ең алдымен өзімізге қажет

Президенттің "Қуатты Қазақстан ең алдымен өзімізге қажет" және "Бізде басқа Отан жоқ" деген сөздері - бүгінгі күннің ең басты үндеуі деп білемін.Біз кейде қуатты мемлекет дегенді сыртқа көрсету, басқа елдерден асып түсу деп түсінеміз. Ал шын мәнінде олай емес. Қуатты Қазақстан – бұл ең алдымен біздің отбасымыздың тыныштығы.

Неге қуатты ел өзімізге керек?

1. Тұрақтылық үшін. Ел тұрақты болса – әр үйде тыныштық болады. Адам алаңсыз еңбек етіп, баласын өсіріп, ертеңіне сеніммен қарайды. Тұрақтылық аспаннан түспейді, ол - әрқайсымыздың жауапкершілігімізден құралады.

2. Қауіпсіздік үшін. Қуатты мемлекет – қауіпсіз қоғам. Шекарасы берік, заңы әділ, экономикасы орнықты елде ғана адам өзін қорғалған сезінеді.

3. Болашақ үшін. Президент айтқандай, мемлекеттің болашағын азаматтардың жауапкершілігінен бөліп қарауға болмайды. "Ел не берді?" деп сұрағанша, "Мен ел үшін не істедім?" деп сұрау керек.Менің түйгенім: қуатты Қазақстан – бұл үлкен ғимараттар мен биік көрсеткіштер ғана емес. Бұл – жасампаз еңбек, халық бірлігі және өз Отаныңа деген жауапкершілік.Басқа Отанымыз жоқ. Сондықтан қуатты Қазақстанды сырттан ешкім әкеліп бермейді, оны өзіміз, бірге жасаймыз.

 

Бағытжан Құнас

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT