Президенттің Жолдауында жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне ерекше мән берілді. Жеке кәсіпкерлер – жаңа жұмыс орындарын ашып, нарықты отандық өніммен қамтамасыз ететін экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан оларға қолжетімді қаржыландыру, салықтық жеңілдіктер және әкімшілік кедергілерді азайту – уақыт талабы.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жеке кәсіпкерлердің өз ісін кеңейтуіне, өнім сапасын арттыруына және бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халықтың табысын өсіріп, ел экономикасының нығаюына оң әсер етеді.
жеке кәсіпкер



