Көше тазылығы-басты назарда

Тазалықтың екі айлығына байланысты Көктоғай ауылдық округі бой­ынша да іс-шара жоспары жасақталып бекітілген. Күні бүгінге дейін округ әкімі, округ мамандары арқылы 45 тұрғын үйге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлерге ескерту хаттары жолданыпты.

 

Ауылдағы бюджеттік мекемелер өз аулаларын және көше беттерін, айналасындағы қоқыстардан тазартып отыр. Ақылы қоғамдық жұмысшылармен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері бірлесіп Жайық өзені жағалауына тазалық жұмыстары ұйымдастырылыпты.

Ауыл ішіндегі ағаштар мен жасыл желектерге күтім жасалды, яғни қураған ағаштар кесілді және ағаш бұталар қырқылып, көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Округ көшелеріндегі түрлі тақырыптағы 6 бан­нер жаңартылыпты.

– Тазалық жұмыстарына бір трактор тіркемесімен және «Газ 53» жүк көлігі пайдаланылуда. Атқарылған жұмыстар округ әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланып отыр.

Сенбілік кезінде ауыл сыртындағы қоқыс төгетін алаңның айналасы та­зартылды. Сонымен қатар ауыл көшелерін тазарту күнделікті жүргізіліп отыр,-дейді округ әкімі аппаратының бас маманы Марат Досанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT