Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға баруы – Қазақстанның тату көршілік пен өңірлік ынтымақтастыққа басымдық беретін саясатының айқын көрінісі.
Мұндай кездесулер мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, өзара тиімді әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Көршімен татулық – елдің берекесі деген қағида бүгінде ерекше маңызға ие. Себебі өңірдегі тұрақтылық пен бірлік елдердің ортақ дамуы мен халықтардың әл-ауқатын арттырудың берік негізі саналады.
Г.Қаракешова
аналар кеңесінің мүшесі


