Ауылдарда атқарылып жатқан тазалық және абаттандыру жұмыстарының нәтижесі көзге көріне бастағаны жақсы. Көшелердің реттелуі, қоғамдық орындардың тазалануы, ағаштар мен көшеттердің отырғызылуы елді мекеннің көркін ашады. Осындай жұмыстарға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының бірлесе атсалысуы маңызды. Бір адамның бастаған ісі көпшілікке үлгі болып, ортақ іске ұласса, ауылымыздың да ажары арта бермек.
Алтынзер Сержанова



